Қазақстан мен Украина қылмыскерлерді өзара алмасуға келісті
Бұдан былай екі елдің құзырлы органы іздеуде жүрген азаматтарды қолға түсірсе, бірден экстрадициялайды.
Автор: Жәудір Оразхан
29.10.2018
Астанада еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен Украинаның Әділет министрі арнайы меморандумға қол қойды. Бұл екі елдің де құзырлы органына қылмыскерді тез ұстап, жауапқа таруға көмек болмақ. Мәселен, бастапқыда БТА банкінің экс-басшысы Мұхтар Әбіләзовты Франция соты Украинаның сұрауы бойынша ұстаған еді. Бірақ Франция қашқын банкирді бермей қойған. Егер сол кезде Әбіләзовты Украинаға жеткізгенде, олар қашқын олигархты Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартушы еді. Өйткені бүгінге дейін екі мемлекеттің арасында қылмыскерді қайтару туралы келісім болмаған. Бүгінгі уағдаластықтан соң жағдай өзгеруі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!