{metadescription}
Тұрғындардың зәре-құтын қашырған ағайындылар ұсталды
Тұрғындардың зәре-құтын қашырған ағайындылар ұсталды

Тұрғындардың зәре-құтын қашырған ағайындылар ұсталды

Алматы облысындағы Мыңбаев ауылының жұрты осыған дейін ағалы-інілі Баймахановтардан қорлық көрдік, ұрлыққа түседі, қорғайтын ешкім жоқ деп шағымданған болатын.

Серік Үпиев, Алматы облыстық іід баспасөз қызметінің өкілі:

-Қазіргі таңда бұл екі азаматқа үлкен жастағы әйел азаматқа дене жарақатын салды және ұрлыққа қатысты негізді күдікті ретінде танылып отыр. Дегенмен, осы аудан аумағында орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар екендігіне тексерілетін болады.

Ағайынды Баймахановтар жүйке жүйесі ауруханасында тіркеуде тұр. Соңғы айларда бой тасалап, ауылда көрінбегенімен, арагідік түнде келіп жымысқы әрекеттерін жүзеге асырыпты-мыс. Тіптен, әкімдіктің өзі әңгіртаяқ ойнатқандардың әрекетін тоқтату мақсатында бірнеше рет жиын өткізіп, құзырлы органдарға хат жазған. Қазір екеуі Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.