Индонезияда ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Қазір сондағы дипломаттарымыз жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатып, отандастарымыздың жапа шекпегеніне түбегейлі көз жеткізген.
Автор: Досжан Маратұлы
29.10.2018
Ал, ұшақ апатының өзі таңға жуық болған еді. Lion Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 Жакарта әуежайынан көкке көтерілген соң, 13 минуттан кейін радарда көрінбей қалып, теңізге құлаған. Панкалпинанг қаласына бара жатқан лайнерде болған 189 адам түгел көз жұмды.Олардың 8-і экипаж мүшесі, қалғаны жолаушылар. Арасында кішкентай бүлдіршіндер бар. Әрі Индонезия қаржы министрлігінің 20-ға жуық қызметкері болыпты.
Индонезия билігі марқұмдардың отбасыларына 50 миллион рупий, яғни бір миллион теңгеден астам өтемақы төлемек. Ал құтқарушылар ұшақ қирандылары мен апат себебін анықтап беруі тиіс қара жәшікті іздестіріп жатыр.
Сеорьянто, Индонезияның көлік қауіпсіздігі комитетінің басшысы:
-Ұшақ ашық теңізге құлағандықтан іздестіру жұмыстары қиынға соғып тұр. Бірақ су асты қайықтары мен сүңгуірлерді жұмылдырдық. Қара жәшікті жақын арада табамыз деген ойдамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!