{metadescription}
Грузия президенттігіне үміткерлер арасындағы жеңімпаз анықталмай жатыр
Грузия президенттігіне үміткерлер арасындағы жеңімпаз анықталмай жатыр

Грузия президенттігіне үміткерлер арасындағы жеңімпаз анықталмай жатыр

Өйткені кандидаттардың ешқайсысы тиісті, яғни 50 пайыздан жоғары дауысты жинай алмаған. 

Орталық сайлау комиссиясы енді екі аптадан кейін осы саяси доданың екінші кезеңі болатынын мәлімдеді. Оған 38,66 пайыз дауыс жинаған Саломе Зурабишвили, 37,7 пайыз халықтың сеніміне ие болған Григол Вашадзе қатысады. Болжам бойынша, Зурабашвилидің Грузия тарихында алғашқы әйел президент атануға мүмкіндігі зор екен. Оны «Грузин арманы» партиясы қолдап отыр. Францияның тумасы , Ресей мен Франциядағы елші және Саакашвилидің тұсында Грузияның сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Сайлауда ол тәуелсіз үміткер ретінде бағын сынауда. Ал оның басты қарсыласы Григол Вашадзе додаға оппозиция атынан қатысып отыр. Ол да Грузияның сыртқы істер минтсрі болған. Вашадзенің кандидатурасын Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили  қолдап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.