{metadescription}
Павлодарда оқушыны қағып кеткен қашқын жүргізуші іздестірілуде
Павлодарда оқушыны қағып кеткен қашқын жүргізуші іздестірілуде

Павлодарда оқушыны қағып кеткен қашқын жүргізуші іздестірілуде

12 жасар жәбірленушінің айтуынша, ол бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолды кесіп өтпек болған. Бірақ жүйіткіп келе жатқан жеңіл көлік оны қағып өтіп, оқиға орнынан ізін суытыпты. Соққыдан ер баланың миы шайқалып, саны сынған. Қазір қашқын жүргізушіні тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Оқушының ата-анасы болса, оның өз еркімен полицияға келуін сұрайды.

12 жасар Артур болған жол апатынан кейін енді ғана есін жия бастапты. Кішкентай жәбірленуші тек жолдан өтпек болған сәтін ғана біледі.

Артур Шафиков, жәбірленуші:

– Бағдаршамның жасыл түсі жанғаны есімде. Жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өтпек болдым. Одан кейін не болғанын білмеймін. Кейін ауруханада денемнің ауырғанын сезіп ояндым. Мені көлік қағып кеткен екен.

-Жол-көлік оқиғасы Катаев және Ломов көшелерінің қиылысында кешкі уақытта болған. Театрдағы қойылымнан шыққан оқушы жолды жүргіншілер жолағы арқылы кесіп өтпек болыпты. Бірақ, жүйіткіп келе жатқан қара түсті жеңіл көлік оны кағып өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Апат салдарынан Артурдың саны  сынған. Соққыдан миы да шайқалған оны невропотолог мамандар бақылауда. Алдағы күндері оқушының аяғына ота жасалар-жасалмасы анықталуы тиіс.

Талғат Қасымбеков, Павлодар облысы балалар ауруханасының ординатор-дәрігері:

-Бала аяғынан тартылуда жатыр. Яғни бұл консервативтік ем болып табылады. Және де болашақта қосымша снимоктар жасалу арқылы егер қалпына келетін болса, онда осы созылуда екі жұмадай жатады.

Полицейлер болса, оқушыны қағып кеткен жүргізушіге іздеу жариялаған. Оқиға болған көше қиылысында бейнебақылау камерасы орнатылмағандықтан әзірге табылар емес. Сондықтан оқушының ата-анасы ұлын қағып кеткен қашқын жүргізушінің полицияға өз еркімен келуін сұрап отыр. 

Светлана Шафикова, оқушының анасы:

– Ұлымды қағып кеткен жүргізушінің полицияға келіуін сұраймын.Ертелі-кеш бәрі анықталады. Баламның бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өткенін сол жерде болған жүкті әйел айтты.Сол келіншектің артынан ұлым келе жатқан екен.

Жедел жәрдемді жолды кесіп өтіп бара жатқан жүкті әйел шақыртқан. Шошып қалған келіншек зардап шеккен балаға көмектесем деп оны қаққан көлікке мән бермепті. Оқушының ата-анасы енді жол апатына куә болған өзге жүргізушілердің табыларына үмітті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде