{metadescription}
Денистің достары дәстүрді жалғастырды
Денистің достары дәстүрді жалғастырды

Денистің достары дәстүрді жалғастырды

Мұздағы саңлақ ұлдың «Биікке ұмтыл» жобасына биыл өзі жоқ болғанымен, көзін көрген үзеңгілес әріптестері атсалысты. Алматыға ресейлік әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин келіп, шеберлік сағатын өткізді. Шараның өтуіне Тұңғыш президент қоры мұрындық болды.

Алатау баурайына арнайы ат басын бұрған Алексей Ягудин алғашқы кездесуін балалардан бастады. Аты аңызға айналған спортшы білген, көрген, түйгенін паш етіп жатыр. «Биікке ұмтыл» жобасының басы-қасында бұрын Денис Теннің өзі жүретін. Оған еліктеп, ерген өрендер қаншама. Биыл қалыптасқан дәстүрді үзбей, оның осы саладағы достары жалғастырды.

Алексей Ягудин, мәнерлеп сырғанаушы:

-Осыған дейінгі шеберлік сабағын Дениспен бірге өткізген едік... Жастарға осындай шараны өткізудің маңызы зор. Ертең біздің жолымызды жалғастыратын солар.  Бүгін мұз айдынына келген балалар көп. Олардың қызығушылығын одан әрі оятып, жігер беру үшін өзің де баладай олармен ойнауың керек. Алдағы жылдары да осындай шеберлік сабағын келіп өткізіп тұруға дайынмын.

Көздерінде ұшқын. Іштерінде жалын. Көңілдерінде жігер. Мұзға тәй-тәйләп шыққан көп бүлдіршіннің арасында еліміздің атын асқақтатар болашақ спортшылар жүр.

-Менің атым Асқарәли. Мен 5 жастамын. Маған ұнайды сырғануға. Жаңа жаттығулар жасадық.

Алексей Ягудинмен кездесуге студенттер де қызығушылық танытты. Көп жасағаннан бұрын, көп көрген спортшының әңгімесі көпті еліткендей. Айта кетейік, әйгілі спортшының шеберлік сабағы «ЖасStar » фестивалі аясында  Тұңғыш президент қоры мен «Денис Тен» қорының мұрындық болуымен өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде