{metadescription}
Алматыда диагнозы дұрыс қойылмаған бала көз жұмды
Алматыда диагнозы дұрыс қойылмаған бала көз жұмды

Алматыда диагнозы дұрыс қойылмаған бала көз жұмды

Алматыда ауруханадағы бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шетінеп кеткен 3 жастағы Данат Дәукеновтың анасы Наталья Кимнің айтуынша, ұлы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Бірақ дәрігерлер дұрыс диагноз қоймай, әрі-бері сенделіп жүргенде, балам өліп кетті дейді ашынған ана. Ал ақ халаттылар мәселені өзге жолмен шешуге тырысып, шағымданған ананы райынан қайтармақ болыпты.

Қайғыдан қан жұтқан Наталья Ким сөредегі ойыншықтарға қараса ет жүрегі езіліп кетеді. Тіпті, баласының киімдерін күнделікті қолына ұстап, құшырлана иіскейді. 3 жастағы Данат Дәукенов тамыздың 18-де қалалық балалар  жұқпалы аурулары ауруханасына түскен. Натальяның айтуынша, әуелі оған 2 қабырғасы сынды деген диагноз қойылыпты. Бірақ бүлдіршіннің демікпесі сағат сайын күшейді деген ол, желшешек жұқтырған баланы дәрігерлер реанимацияға жатқызудан бас тартты дейді. Екі ортада сенделіп жүргенде Данаттың жағдайы күрт нашарлап, ертеңіне көз жұмады.

Наталья Ким, Данат Дәукеновтың анасы:

-Өлімнің себебі  тыныс алу жүйесінің құсу жолдарымен аспирациясы. Сондай-ақ, сараптама қорытындысында жедел іріңді гепатит, өңеш және бронхтың қабынуы қосалқы көрсетілген. Мұның барлығықалалық балалар  жұқпалы аурулары ауруханасында емдеу керек. Себебі, бұлар желшешектің зардабынан туындаған.

Диагнозды дер кезінде анықтамаған дəрігерлер қайғылы жағдайға душар етті деген Наталья Ким, сәбиінің шетінеген уақытын ақ халаттылар бұрмалап көрсеткенін айтады. Тіпті, əділдік іздеп шығымданғанда райымнан қайтаруға әрекеттенді дейді ол.

Наталья Ким, Данат Дәукеновтың анасы:

-Ауруханадан 4 адам келді. Екеуі бас дәрігердің орынбасары. Олар маған біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, кінәміз жоқ деді. Өтемақы ретінде материалдық көмек көрсетіп, моральдық тұрғыдан қолдау білдіретінін айтты. Оның өтеуіне арызыңды қайтып аласың деді.

Баланың сол кезде ауыр жағдаймен емдеу мекемесіне түскенін растаған аурухана басшылығы қызметкерлерінің аянып қалмағанын айтады. Бірақ оқиғаны жылы жабу үшін ешкімнің алдына бармадық дейді бас дəрігер.

Ержан Сералин, Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасының бас дəрігері:

-Ол кісі ашынғаннан кейін айта беруі мүмкін. Біз білмейміз ғой қандай адамдар екенін. Біз мемлекеттік мекемеміз. Компенсация деген болмайды.

Дегенмен, ауруханадағы бала өліміне қатысы медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiби мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы тұрғысында қылмыстық іс қозғалыпты.

Салтанат Əзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

-Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда арнайы тексеру жұмыстары қолға алынды. Бұл іс-әрекеттердің нәтижесі болғаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалатын болады. Осы іске қатысы бар барлық тұлғалардың іс-әрекетіне заң тұрғысынан  баға істің аяғында берілетін болады.

Ұлынан айырылған Наталья Ким дәрігерлердің қателік жібергеніне сенімді. Сондықтан өз ісіне салғырт қарағандар қатаң жазалануы тиіс дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде