{metadescription}
Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерді қолдауға 15 миллиард бөлінді
Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерді қолдауға 15 миллиард бөлінді

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерді қолдауға 15 миллиард бөлінді

Елімізде оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған отбасылардың саны мың жарымнан асты. Тұрғындардың басым бөлігі Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарына қоныс аударыпты.

Бірақ мемлекеттік бағдарлама бойынша көшіп барғандарға баспана басты мәселеге айналған. Өйткені оларға бір жылға пәтер жалдауға қаражат бөлінгенімен, жағдай оңалмай тұр. Сондықтан, биылдан бастап қоныс аударған отбасыларға үйлер салына бастайтыны белгілі. 15 жылға жалға берілетін баспананы тұрғындар кейін жекешелендіріп алса болады. Биылдың өзінде жұмыс күші мен демографияны арттыру үшін солтүстікке үш мыңнан астам отбасыны көшіру жоспарда бар. Бірақ баспана бірінші кезекте жұмыс берушінің шақыртуымен келгендерге ғана берілмек.

Мадина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Бүгінгі таңда 2019-2021 жылдарға арналған осыған қажетті 15 миллиард теңге қаражат бюджетте көзделген. Нәтижесінде облыста алдағы үш жылда үш мыңға жуық қоныс аударушы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде