Техниканың тілін білетін жастар жұмыс таппай жүр
Елімізде техникалық мамандықтарды оқытатын орталықтарға талап күшейгелі жатыр. Өйткені мұндай білім ошақтарында дәнекерлеуші, электрик, токарь, инженер секілді кәсіпті игеріп шыққандар жұмысқа орналаса алмай жүр.
Автор: Досжан Маратұлы
30.10.2018
Еңбек министрі бұған орталықтағы білім деңгейінің төмен болуы себеп дейді. Әрі материалдық-техникалық база нашар болғандықтан, кәсіпті меңгеріп жатқан ұл-қыздар үшін тәжірибелік сабақтар өткізілмейді екен. Сондықтан мұндай мекемелерге кемшілікті жоюға уақыт беріліп отыр. Ал, кейін рейтингі төмендері жұмысын тоқтатпақ. Жалпы, мұндай талап «Еңбек» бағдарламасында қарастырылған. Кәсіпкерлікті дамытып жұртты жаппай жұмыспен қамтуы тиіс құжатты іске асыру үшін бюджеттен 113 миллиард теңге бөлінген. Сол үшін премьер бағдарламаны уақтылы іске асыруды қатаң тапсырды.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
-Жылдың соңына дейін әлі екі ай уақыт бар. Өздеріңіз баяндамада айтып отырғандай өңірлерде жұмысты жылдамдатып, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуіміз қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!