{metadescription}
Көкшетауда тұрғындар ескі шатырға зар болып қалды
Көкшетауда тұрғындар ескі шатырға зар болып қалды

Көкшетауда тұрғындар ескі шатырға зар болып қалды

Артық қылам деп тыртық қылған! Көкшетауда 100-ге тарта отбасы көпқабатты үйдегі ескі шатырына зар болып қалды. Жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу басталғанымен, орта жолда тоқтап қалыпты. Жаңбыр жауса, төбеден сорғалаған судан малмандай болған пәтер иелері мердігерді қанша іздегенімен таба алар емес.

-Мына жылжымалы вагонға қара құлып салынып, құрылысшылары  зым-зия жоғалғалы тұрғындардан маза кеткен. Тендерде жеңіп алған компания алғашқыда белсенді кірісіп, сылақ жұмыстарыннан бастапты. Жаңғырту бағдарламасына ілікеніне қуанған жұрт 102 миллион теңгеге келісім-шартқа отырып та үлгерген.Енді міне, олар барымыздан айрылдық деп шулап жүр.

Барымыз деп отырғандары көпқабатты үйдің кәдімгі шатыры. Мердігер компания маусым айында жұмысқа кірісіп, төбені тескілей бастаған. Шатыр орнату үшін тірек ағаштарын қойған. Көп ұзамай жұмыс кілт тоқтапты. Тұрғындар алғашқыда  құрылысшылар көп ұзамай келер деп күткен. Айдан аса уақыт өтсе де жұмыс жылжымапты.

Виктория Петухова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Біз осылай етсін деп тапсырыс берген жоқпыз. Онсыз да 200 шаршы метрге 20 миллион теңгеден есептепті. Бұл не деген сұмдық! Сап-сау төбемізді быт-шытын шығарды. 2-3 айда үйіміз бүлініп бітті. Сорғалаған суда отырмыз. Қыс түсті ғой.Төбеден саулаған су 2-ші қабатқа дейін жетіп, күніне 30 шелек су шығарамыз.

Жұрт-тырс тырс етіп төбеден аққан су дыбысынан маза қашты дейді. Подьездің де сылақтары түсіп, жырым-жырым болған. Ал жөндеу жұмыстарының операторы, кінәні көп қабатты 73 үйдің тұрғындарын кінәлайды.

Тимур Перерва, «Бірыңғай есептеу орталығы» ЖШС директоры:

-Тұрғындар түсінбейді. Бұл бюджеттен түсе қалатын ақша емес. 2011-ші жылдан 2017-ші жылға дейін модернизацияға жұмсалған мемлекет қаражатын үйлері жөнделген тұрғындар бізге қайтару керек. Қазірдің өзінде 100 миллион теңгеден аса қарыз бар. Қолға түскен қаражатты  бірден аударамыз. Қарашада шатырлары жабылады.

Тұрғын үйлерді модернизациялау бағдарламасы 2017-ші жылдан бастап осылай жүзеге асатын болған. Яғни  7 жылда мемлекеттен жұмсалған миллардтаған қаржыны тұрғындардың біртіндеп қайтаратын кезі келген. Уақытылы қайтарылмаса, өзгелер шатырсыз қалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде