{metadescription}
Семейде зиратқа қатысты үлкен дау шықты
Семейде зиратқа қатысты үлкен дау шықты

Семейде зиратқа қатысты үлкен дау шықты

Мүрделер көмілмесін! Семейдің шетіндегі Мұрат ауылының тұрғындары жаппай наразылық білдірді. Жұрттың айтуынша, саяжайдың қақ ортасындағы ескі зиратқа адам жерлеуге әлдеқашан тыйым салынған. Әйтсе де, жергілікті билік таныс-тамырларына ғана қайтыс болған жақынын сонда жерлеуге рұқсат беріп келген дейді тұрғындар. Енді соның салдарынан қорымның аумағы кеңейіп, құдықтағы ауыз су бүлінген.   

-Мұрат саяжайының хақ ортасындағы бейітке 2008 жылы адам жерлеуге болмайды деген тыйым салыныпты. Алайда жергілікті тұрғындар таныс-тамыры барлар жақындарын осында жерлейді деп наразы. Тіпті, оған жер қатынастар бөлімі рұқсат береді екен.

Жұрт ескі қорымдағы зират саны жылдан-жылға ұлғайып келе жатқанын айтады. Тіпті маңайындағы үйлерге ондаған метр ғана қалған. Осыдан болар, төрт метр тереңдіктен су шығып тұрған құдықтар борси бастапты. Бұл мәселені көтеріп жергілікті билікке хат жолдағандар, олардың тарапынан әлде қашан жерлеуге тыйым салынғаны жөнінде жауап алған. Бірақ, жаңа бейіттердің қатары көп. Мысалға, мына қайтыс болған әжейді көмуге жергілікті жер қатынастар бөлімі бір ай бұрын рұқсат берген дейді тұрғындар 

Нұрғазы Жомартұлы, Мұрат ауылының тұрғыны:

-Жер қатынастар бөлімінің басшысы Сейілханов рұқсат беріпті. Ол кісі Бобровка ауылының тұрғыны. Жабылған қорымға қалай келісім бергені түсініксіз. Мұнда қаңғыбас иттер көп. Қабірлерді қазып жүреді. Ертең жұқпалы дерт тарайма деп қорқамыз.

Ал, әкімдіктегілер рұқсат берушілердің әрекетін түсінбей дал болуда. Себебі, ескі қорымдағы жер телімдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй  инспекциясының баланысында екен. Сондықтан олардың адам жерлеуге рұқсат беруге ешқандай құқы жоқ деп отыр.

Асхат Аралов, Семей қаласының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй  инспекциясы басшысының орынбасары:

-Бізде үш қорымға ғана адам жерлеуге рұқсат берілген. Олар, Павлодар, Алматы және Знаменка тас жолында орналасқан. Ал, бұл жерге көмуге болмайды. Сондықтан жер қатынастар бөлімінің неге сүйеніп келісім бергенін түсіне алмай тұрмыз.

Осылайша, жауапты мамандар жабық жатқан қорымға нақты кімнің рұқсат бергенін анықтамақ ниетте. Сондай-ақ, олар дүрліккен жұртты бұдан былай  елді-мекен ішіндегі молаға адам жерленбейтіндігімен сендірді. Айтуларынша, оның төңірегін қоршау үшін қазынадан қаржы қарастыру мәселесін көтермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде