{metadescription}
Елімізде ең тапқыр оқушы анықталды
Елімізде ең тапқыр оқушы анықталды

Елімізде ең тапқыр оқушы анықталды

Ол Оралда тұрады. Астанада «Кім білгіш?» интеллектуалдық-танымдық онлайн турнирдің  жеңімпазы марапатталды. 11-сынып оқушысы Исабек Мұратов 6 жарым мың қатысушының ішінен үздік шыққан.

Исабек Мұратов, жеңімпаз

- Көбіне біз уақытты бос өткіземіз , неше түрлі атыс ойындарға. Одан да осындай интеллектуалдық ойындар арқылы басқа адаммен таныса аламыз және білімімізді ұштастырамыз.  

«Кім білгіш?» ойынына қатысушы спорт, өнер, XX,  XXI ғасырлардағы оқиғалар, Қазақстан, әлем тарихы, табиғат, денсаулық тақырыбында  топтастырылған 30 мыңнан  астам тапсырмадан  тұратын мобильді қосымшаны жүктеп алады. Сөйтіп, үйде отырып-ақ сұрақтарға онлайн жауап береді. Интеллектуалдық турнирде жоғары сынып оқушылары бақ сынаған. Жобаның мақсаты – шәкірттердің білімін шыңдау, шығармашылық пен IT-ге бейімдеу. Дарынды балаларды анықтау және оқушылардың бос уақытты тиімді өткізуіне ықпа ету. «Кім білгіш?» сайысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры осымен үшінші рет ұйымдастырып  отыр. Турнир келесі жылы да жалғасады. 

Азат Шәуеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

-Үш ай бойы жазғы демалыста бүкіл республика бойныша 6 жарым мың бала тіркеліп, ойнады. Балаларымыз ұялы телефондарымен күндіз-түні интернетте отырады. Пайдалы ойын ойнасын деп осы ойынды ойлап тапқанбыз. Нәтижесі жаман емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.