{metadescription}
Теміртауда жарыққа қарызы барларды тегіс тоқтан ажырату басталды
Теміртауда жарыққа қарызы барларды тегіс тоқтан ажырату басталды

Теміртауда жарыққа қарызы барларды тегіс тоқтан ажырату басталды

Өйтпеске амал жоқ,- дейді коммуналдық мекеме. Өйткені тұрғындардың электр энергияға қарызы 2 миллиард теңгеден асқан.

Теміртауда 49 мың теңге қарызды аз көретін тұрғындар жетіп артылады. Тіпті 300 мың теңдеден аса қарызы бола тұрып, компания өкілдеріне жұдырық ала жүгіретіндері де бар екен. Бүгінде мұндай борышкерлердің саны 10 мыңнан асып жығылған. Тұрғындардың қарызы 1 жарым миллиард теңгеге жуықтаса, қаладағы заңды тұлғалар жарық үшін 600 миллион теңге берешек. Сондықтан «Арселор Миттал Теміртау»  компаниясына қарасты коммуналдық мекеме қарызы барларды қараңғыда қалдыру керек деп шешіпті. Дегенмен жағдайын түсіндіріп, қарызды бөліп төлеймін дегендерді өкпелетпейміз дейді.

Александр Воротилин «ОҚЖЕТПЕС» ЖШС директоры:

-Біз жазаға тартатын орган емеспіз ғой. Мәселен бір отбасының 10 шақты баласы бар делік.Жағдайын айтып жылап тұрса, ортақ келісімге неге келмеске. Ол шамасы келетін соманы төлеп,  қалғанын біртіндеп қайтарамын деген қолхат жазады. Онда ай сайын қанша қаражат төлеп тұратынын көрсетуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде