{metadescription}
Астанада 15 мыңға тарта үлескер әлі өз пәтерлерін алмай жүр
Астанада 15 мыңға тарта үлескер әлі өз пәтерлерін алмай жүр

Астанада 15 мыңға тарта үлескер әлі өз пәтерлерін алмай жүр

Ал тұралап қалған 40 тұрғын үй кешенінің  құрылысы қашан аяқталатыны белгісіз.

Бүгін осы кешендердің үлескерлері жиналып тығырықтан шығудың жолдарын талқылады. Бірақ жұрттың сеніп тапсырған миллиардтаған ақшасын жеп қойған компания  басшыларының бірі түрмеде болса, екіншісі шетелде бас сауғалап жүр. Ал жер сипап қалған  15 мыңнан астам үлескер екі топқа бөлініп өзара дауласуда. Бірі - құрылыс кооперативтерін құрып, әкімдікке сенім артып отыр. Бірақ екінші жағы тұрғын үйлердің құрылысын шенеуніктер емес, өзге сенімді компания аяқтаса дейді. Ал оған инвесторларды табу қиынға соғып тұр.

Светлана Қарасова, үлескер:

-Біз бір бөлмелі пәтерді сатып, үлестік құрылысқа қатысқанбыз. Бірақ екі жыл болды құрылыс басталмаған. Компания басшысы ақшаны жинап алып, қалтасына басқан. Қазір алаяқтық үшін жазасын өтеп жатыр. Енді бар үміт әкімдікте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.