{metadescription}
Семей тұрғындары мейрамхана құрылысына қарсы шықты
Семей тұрғындары мейрамхана құрылысына қарсы шықты

Семей тұрғындары мейрамхана құрылысына қарсы шықты

Семейде тұрғындар көп қабатты үйдің іргесінен салынып жатқан мейрамхана мен дүкен құрылысына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, жергілікті билік жер телімін бөлгенде жұрттың жағдайын ескермеген. Яғни бас-аяғы бір аптаның ішінде тұрғызылған қос қабатты нысан үйге тым жақын орналасыпты. Сондықтан олар құрылыстың дереу тоқтатылуын талап етуде.

Ұлардай шулаған жұрт қас-қағым сәтте қадасы қағылып, бас аяғы бір аптаның ішінде салынған қос қабатты нысанның сүрілуін талап етеді. Өйткені, болашақ мейрамхана мен сауда орны болатын жаңа ғимарат баспанаға шамамен 15 метр қашықтықта бой көтерген. Сондықтан олар жергілікті атқамінерлерді ойына келгенін жасап отыр деп жазғыруда.

Елена Киселева, Семей қаласының тұрғыны:

-Неге бізбен ешкім санаспайды? Қалалық сәулет бөлімі келіп құжаттарын көрсету керек қой. Барлық жерге арыз жаздық. Ешкім мандытып жауап бермейді. Оданша, балаларға ойын алаңы қылып бергені дұрыс еді.

Ал ашуға булыққан жұртты нысанның иелері сабырға шақырып әлек. Олар жер телімін жетінші қожайын болып өзге біреуден сатып алған. Тіпті, оны салу үшін қажетті құжаттың толық екенін және шенеуніктердің құрылыс жүргізуге келісім бергенін айтып отыр. Сондай-ақ, оны үлкен мейрамхана емес, күндіз ғана жұмыс істейтін асхана қылып өзгертіпті.

Мейіржан Қариев, нысанның иесі:

-Егер  тұрғындардың тарапынан болып жатқан наразылыққа жауап берсем, оны жергілікті атқарушы билікке айтсын. Олар маған барлық шешімді берді. Құрылыс салуға да рұқсат берген солар. Сондықтан менің тарапымнан барлығы заңды.

Жергілікті шенеуніктер жобаға сәйкес тығырықтан шығатын жолды да ойластырып қойыпты. Олар алғашында жер теліміне о бастан үлкен мейрамхана салынуы тиіс болғанын айтады. Шенеуніктердің айтар уәжі, ұлтарақтай жерге « көңіл сыйса, бәрі сыяды» дегенге саяды.

Ардақ Исатаев, Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

-Енді ол 2008 жылы бекітіліп қойған. Сол жылы сатып алынғанда мейрамхана деп берілген болатын. 2008 жылы ол жерде жай өскен ағаштан басқа түк болған жоқ.

-Осылайша, атқамінерлер бұл құрылысты облыстық құзырлы органдардың да мақұлдағанын жеткізді. Тіпті олар нысан салынбай тұрып жан-жақты тексеріс те жүргізген. Әйтсе де, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған. Бірақ жұрттың бұған сенгісі жоқ. Олар тәуелсіз сарапшылар тексеріс жүргізсе, жобаға сәйкес жіберілген қателіктердің беті ашылады деген пікірде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде