{metadescription}
Бекшин 3 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді
Бекшин 3 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

Бекшин 3 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді

Бас санитар Жандарбек Бекшин Алматы облысында ветеринарлық дәріден уланған 3 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді. Малға арналған дәріні қалай қолданғанын түсінбей санасына сидыра алмай қойыпты.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

-Мал шаруашылығында малдың кенелері, басқа паразиттерді дезинфекциялауға пайдаланады. Бірақ, адамға ешуақытта пайдалануға болмайды. Соған қарамастан, шешесінің білімсіздігінен бастарын жуған.

Қайғылы оқиға Алматы облысының Туғанбай ауылында болған. 3 жастағы Бериван ойламаған жерден көз жұмса, онымен бірге ойнаған 5 жасар екінші қыз бала дәрігерлердің арқасында аман қалды. Қазір оның жағдайы жақсы. Ал екінші бір қайғылы жағдай Есік қаласында болған еді. Өткен демалыс күндері 14 жасар Жаннұр Ержігіт гамбургер жеп көз жұмған. Туған-туыстары баланың қазасына гамбургер жасаған жерді айыптаған болатын. Дәрігерлер тексере келсе, тағамның құрамынан ішек таяқшаларын анықтапты. Бірақ, оның адам өлтіретіндей қаупі жоқ дейді. Ал жасөспірімнің басқа да аурулары болыпты. Қазасы содан болған дейді. Дегенмен, салақ жердің қожайынына ірі көлемде айыппұл салынған. Екі баланың да өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде