Ақмола облысында жанармайға су қосып сатқан
Су қосылған жанармай. Ақмола облысының Щучье қаласында жанармай құйғаннан кейін бірнеше көлік оталмай қалған. Жолда қалған жүргізушілер жағармай бекеті бензинге су қосып жатыр деп дабыл қағады.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
01.11.2018
Щучьедегі бекеттен жанармай құйғаннан кейін көп ұзай алмаған 4 автокөлік сол жерде қалған. Қарашаның қара суығында далада екі күн тұрып, көлігін от алдыра алмаған жүргізушілер бензиннен күдіктенеді. Өз бетімен тексеру жүргізгендер, 5 литр сұйықтықтың 90 пайызы су болып шықты дейді. Ал бекет иесі қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Мамандар болса, бензинге су араласуы салғырттықтан болуы мүмкін екенін айтады.
Надежда Лукина, сынақ зертханасының басшысы:
-Жанармай құрамында су бар,бірақ су жанармайға қосылмайды.Мүмкін жер астындағы цистерна тесіліп қалған шығар. Ыдыс тазартылмауы да ғажап емес. Бұл адами фактор.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!