{metadescription}
Елімізде 2 мыңнан астам тұрғын үй қирағалы тұр
Елімізде 2 мыңнан астам тұрғын үй қирағалы тұр

Елімізде 2 мыңнан астам тұрғын үй қирағалы тұр

Апатты деп танылған баспаналарды қалпына келтіруге жарамайтындықтан түгел сүрілмекші.

Ал, 20 мыңнан астам көп қабатты кешен күрделі жөндеуді қажет етеді. Тозығы жеткен бұл үйлерді Инвестициялар және даму министрлігі өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы бойынша жөндейміз деп сендіріп отыр. Десе де мақтауы асырылған бағдарлама бойынша соңғы 5 жылда небары 3 мыңға тарта тұрғын үй қалпына келтірілгенін ескерсек, бұған сену қиын. Сондай-ақ, шенеуніктер ескірген лифтілерді де мемлекеттік бағдарлама бойынша ауыстырамыз деп отыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

-Тозығы жеткен жедел сатыларды әкімдіктер арнайы бағдарлама бойынша ауыстырады. Яғни  жергілікті бюджеттен ақша бөлініп, лифт сатып алынады. Ал тұрғындар сол қаржыны 10-15 жылдың ішінде қайтаруы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде