{metadescription}
Жамбыл облысында «жол саламыз» деген шенеуніктердің басы дауға қалды
Жамбыл облысында «жол саламыз» деген шенеуніктердің басы дауға қалды

Жамбыл облысында «жол саламыз» деген шенеуніктердің басы дауға қалды

Өзі шағын ауылдың кіре беріс көшесінің небәрі 200 метр жеріне ғана жаңадан тас жол төселуі жұрттың ашуын туғызған. Әкімдіктің мұнысын «мазақ қылу» деп қабылдаған ел асфальтты қайта сүріп тастауды талап етуде. 

Бұл сөзге себеп те жоқ емес. Бұрынғы ауыл басшысы былтыр бар болғаны жүз қадам жолды жөндетіп, биыл өзі күтпеген жерден қызметінен кеткен. Ал оның орнына келген шенеунік, әріптесінен сәл ғана асырып көшенің 200 метріне асфальт төседі. Ойдым-ойдым жолдың қалған бөлігі ақша жетпеуіне байланысты сол күйі тұр. Бұған жұрт ашулы. Олардың айтуынша, әр шенеунік өлшеммен жол салатын болса ауылдың асфальтын толық жаңалау үшін, кем дегенде, 10 әкімді ауыстыру қажет екен. Бұған не күлерін, не жыларын білмеген тұрғындар ызаға булығып отыр. Ал атқамінер «көрпемізге қарай көсілдік» деп жайбарақат.

Алмаз Сейсенов, Көлқайнар ауылдық аймағының әкімі:

-Бөлінген қаржыға кіре беріс көшені асфальттауды мақсаттағанбыз. Барлығы 2 млн. 800 мың теңгеге. Көшенің ұзындығы 420 метр. Неге бәрін бірден істемейсіздер дейді. Біз енді ақшамыздың жеткенінше істедік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде