Көлік тізгігіне ие бола алмай әйелді қағып өлтірді
Алматыда жылдамдықты асырған жүргізуші көлік тізгігіне ие бола алмай бір әйелді қағып өлтірді. 60 жастағы тұрғын жедел жәрдем жеткенше тіл тартпай кеткен. Қайғылы жағдайға бүгін жауған қар да себеп болған дейді жол апатының куәгерлері.
01.11.2018
Сүйінбай даңғылымен солтүстікті бетке алған ауыр жүк көлігі оңға бұрылғанда, қуысқа кіре алмай әлденеге бөгеледі. Осы сәтте жоғары жылдамдықпен жүйткіген шетелдік жеңіл көлік оның тіркемесіне соғылған. Тіпті, қатты екпінмен жолы бойында кетіп бара жатқан әйелді қағып өтіпті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмса, құтқарушылар жүргізушіні бүктеліп қалған көліктен әрең алып шыққан. Жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілген ол бірден реанимацияға жатқызылыпты. Кейбір куәгерлер оның ішімдік ішкенін айтады. Алайда полицейлер істің ақ-қарасы тергеу барысында анықталады дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!