Алматыда бей уақытта бақылаусыз жүрген жасөспірімдер көбейген
Оқушылардың күзгі демалысында тәртіп сақшылары түнгі рейд жүргізіп, компьютер жағалайтын ұлдардың ата-аналарын жаппай жауапқа тартуға кірісті.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
01.11.2018
Басын салбыратып, жөнін айтып тұрған балалар кәмелет жасқа толмағандар. Алайда олар күн-түн демей компьютерлік клубтардан шықпайды. Заң бойынша 18-ге толмаған жасөспірімдер қамқоршының қарауынсыз сағат оннан кейін жүрмеуі тиіс. Қалалық ювеналдық полиция үш күннің ішінде сауық-сайран құрған 200-ден астам баланы ұсталы. Олардың ата-аналары жауапқа тартылып, айыппұл арқалады. Мұндайға жол берген 12 ойын орталығына да әкімшілік жаза белгіленді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қаңғып жүрген 19 жеткіншекті есепке алған. Олар тұрмысы нашар отбасылардың балалары. Тәртіп сақшылары бұл шара жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайтуға сеп болады дейді.
Лейла Әліпбаева, Алматы қалалық Жергілікті полиция қызметінің бастығы:
-Іс-шараның барлығы осы балалардың қауіпсіздігі үшін өткізіліп жатыр. Жыл басынан бері жасөспірімдерден 182 қылмыс тіркелді. Олардың елу пайызын сырттан келгендер жасайды. Бала қараусыз қалдырған ата-аналарға ең алдымен ескертеміз, екінші рет болса 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Жыл басынан үш мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!