{metadescription}
«Қайырымдылық керуені» акциясы басталды
«Қайырымдылық керуені» акциясы басталды

«Қайырымдылық керуені» акциясы басталды

Мейірімділікке бастайтын ізгі жоба Тұңғыш президент қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастырумен қолға алынды.

Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

-Қазақстанда қайырымды жандар өте көп. Бірақ олардың көбі өз істерін жариялап көрсеткісі келмейді. Біздің ойымызша мұндай жомарт жандарды жұрт үлгі тұтуы тиіс. Осы жоба арқылы біз оларды көрсеткіміз келеді.

Яғни шара барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінде қолы ашық жомарт жандар мен мейірімді меценаттар мұқтаж адамдарға көмектеседі. Оның үстіне биылғы «Қайырымдылық керуеніне» журналистер де қатыспақ.

Тілшілер көмекке зәру адамдар туралы материал әзірлеп, жұмысын тапсыра алады. Ал, ұйымдастырушылар  жомарт жандардың құр қол қалмайтынын айтып отыр. «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» наминациясы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықпен мараптталмақ. Жобаға  «КТК» телеарнасы ақпараттық қолдау көрсететінін айта кетейік.

Раушан Сәрсембаева, Іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

-Әр аймақтарда жұмыс тобы құрылып, 5 аталым бойынша қайырымдылық жасаған адамдарды іріктеп аламыз. Сөйтіп, жеңімпаздарды Астанада арнайы комиссия анықтайды. Оны Сенат депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы басқарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде