{metadescription}
Астанада таныс келіншегінің сөмкесінен ақша ұрлаған экс-шенеунік 4 жылға сотталуы мүмкін
Астанада таныс келіншегінің сөмкесінен ақша ұрлаған экс-шенеунік 4 жылға сотталуы мүмкін

Астанада таныс келіншегінің сөмкесінен ақша ұрлаған экс-шенеунік 4 жылға сотталуы мүмкін

Бұрынғы Спорт және туризм министрлігінің  жауапты хатшысы болған азамат 4 жылға қамалуы мүмкін. Экс-шенеунікке таныс келіншегінің сөмкесінен 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлады деген айып тағылып жатыр.  Өзі оны мойындаған жоқ. Алайда әлгі әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған.

Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Жапа шегуші Айсұлу Жачина, оның құрбысы және экс-шенеунік Қобыланды Мусин барлығы бірге отырады. Бақылау камерасынан белгілі болғаны, Мусин жалғыз қалған сәтте жанында тұрған сөмкеге қолын созып, ішінен ақша алады. Жапа шеккен тарап, 1 миллион 800 мың теңгенің қолды болғанын айтып отыр. Сот барысында сол материалдық шығынынан бөлек, тағы 7 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Ал тарап кеткен спорт және туризм министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Мусиннің өзі соңында дастарханның есеп-шотын төлер кезде ақшам жетпей қалып, қыздардан қарызға бар-жоғы 4 жарым мың теңге алдым дейді. Сөйтіп, тағылған айыппен келіспей отыр.

Еркеғали Зәкіров, мемлекеттік айыптаушы:

-Мусин маусымның 25-іне мейрамханада Жачинаның сөмкесін қараусыз қалдырғанын көріп, ішінен 1 миллион 800 мың теңгені алған. Мұны тергеушілер анықтады.  Сондықтан оны дүние-мүлкін тәркілемей-ақ, 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде