{metadescription}
Сенаторлар барымташылардың жазадан қалай құтылып жатқанын айтты
Сенаторлар барымташылардың жазадан қалай құтылып жатқанын айтты

Сенаторлар барымташылардың жазадан қалай құтылып жатқанын айтты

Төрт түлікті ұрлайтындарды аямау керек! Бүгін сенаторлар барымташыларға қатысты жазаны барынша қатайтуды талап етті.  Өйткені статистика көңіл көншітпейді. Ұрлық көбейіп барады.  Ал қылмыс ашылмай жатыр.

Жанат Сүлейменов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Биыл 11 мыңнан астам бас мал ұрланды. Оның небары 4 мыңға жуығы табылып, иелеріне қайтарылды. Қалғаны әлі іздестіріліп жатыр. Яғни мал ұрлығы қылмысының жартысы ашылмай тұр.

Ешкіден бастап жылқыға дейін айдап әкететін қаскөйлер әсіресе, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында көп. Ал әккі ұрылардың ізіне түсіп, қолды болған малды табу оңай емес дейді полицейлер. Оның үстіне барымташылар ұсталғанның өзінде жазадан сытылып кетеді екен. Мәселен, биыл қолға түскен 2 мыңға жуық ұрының тек 600-ден астамы ғана сотталған.

Өйткені көбі жәбірленуші тараппен келісіп, кешірімдерін алған. Сондықтан депутаттар бұған жол бермеу үшін, қылмысты екінші мәрте істеп ұсталғандарды міндетті түрде түрмеге жабатын заң қабылдау қажет деп отыр.

Бектас Бекназаров, Сенат төрағасының орынбасары:

-Қылмыстық қайта-қайта жасаған адамға кешірім бере беру дұрыс деп кім айтты? Онда қылмыс қалай тоқтайды?  Адамдарға қысым жасалады. "Арызыңды қайтып алмасаң, қораңдағы малыңды қойып, есігіңді өртеп кетемін",- дейді. Қорқады адамдар. Амал жоқ барады келісімге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.