{metadescription}
Назарбаев билеті арзан әуе компаниясын құруға пәрмен берді
Назарбаев билеті арзан әуе компаниясын құруға пәрмен берді

Назарбаев билеті арзан әуе компаниясын құруға пәрмен берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Эйр Астананың» жанынан тарифі төмен бюджеттік әуе компаниясын құруға пәрмен берді.

Мемлекет басшысы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдап, есептерін тыңдады. Сондай-ақ, кездесуде елімізде азаматтық авиацияны дамыту мәселелері мен ұлттық әуе тасымалдаушысының даму бағыттары талқыланды. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінде елімізде азаматтық авиацияны басқарудың ағылшын моделі енгізіліп жатыр. Сонымен бірге, биыл жаңадан 13 әуе бағыты ашылып, Астанада «ашық аспан» пилоттық жобасы іске асырылған. Президент жаңа компанияның әуе тасымалы қызметін халыққа барынша қолжетімді ету мақсатында құрылатынын атап өтті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде