{metadescription}
Астанада ТМД елдері  премьерлері қандай келісімге келді?
Астанада ТМД елдері  премьерлері қандай келісімге келді?

Астанада ТМД елдері премьерлері қандай келісімге келді?

ТМД елдері ядролық апатқа алдын ала дайындалмақ! Достастық елдерінің премьер-министрлері тіпті тосыннан келген  қауіпке қарсы ортақ орган құру туралы шешім қабылдады. Атом электр станциясынан төнетін қауіпті сөз ету бекер емес сияқты. Өйткені көрші Өзбекстан мұндай станциясының құрылысын бастап жіберді.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қарым-қатынасын оған мүше елдердің  басшылары  жуырда  ғана Тәжікстанда талқылаған болатын.  Президенттер  ол кезде қай салаға көңіл бөлу керек екенін айқындап, Үкімет басшыларына   бағыт-бағдар берген. Нақты тапсырма алған  премьерлер бүгін Астанада өзара кеңесуге келіпті. Он елдің  премьері алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында  болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Для расширения экономической кооперации в рамках Содружества была отмечена необходимость актуализации Стратегии экономического развития и ускорения принятых проектов Соглашения о свободной торговле услугами стран СНГ.

ТМД елдері  арасында  еркін сауда жасау туралы келісім бар. Яғни  алыс-берістен еш қиындық жоқ. Соның арқасында жарты жылда тауар айналымы 15 пайызға өскен. Бірақ Ресей Үкіметінің төрағасы  әлі де шешілмеген мәселенің шетін шығарды. 

Дмитрий Медведев, РФ Үкіметінің төрағасы:

-Бізде  еркін сауда айналымы туралы құжат болғанымен, қызмет түрлеріне қатысты келісім жоқ.  Инвестиция тарту мәселесі де жолға қойылмаған. Міне, осы мәселелерді де реттесек, сауда, кооперация дамиды.

-ТМД елдерінің премьерлері ұйымға мүше мемлекеттерге қатысты кез-келген мәселені қозғап, оны шеше алады. Астанаға жиналған Үкімет басшылары осы кездесуде де экономика, әлеуметтік саладағы 15 сұрақтың басын ашып алды. Оның ішінде ядролық және радиациялық апаттың алдын алуға арналған құдатты ерекше атып өтуге болады.

Яғни Үкімет басшылары ТМД елдерінің  аумағында  күтпеген жерден ядролық апат бола қалса қайтпек керек деген  сауалға жауап іздеді. Оның үстіне іргедегі көршіміз Өзбекстан Ресеймен бірігіп атом электр станциясының құрылысын бастап кетті. Енді қауіп-қатер төнген жағдайда көмек көрсететін  бөлек орган құрылады.  Мамандардың айтуынша, арнайы жасақ апат болған жерге тәулік ішінде жетеді екен.

Кохир Расулзада, Тәжікстан Премьер-министрі:

-Ядролық апат бола қалған жағдайда  немесе радиациялық апатта бір-бірімізге көмек көрсету туралы құжатқа қол қойдық. Қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған өзге де келісімдер бар. Алдағы екі жылда гуманитарлық байланысты да дамытамыз  деп уағдаластық.

Астанадағы кездесуге  ТМД-ға мүше  Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Армения, Түрікменстан  сынды 10  елдің министрлер кабинетінің басшылары келген. Ұйымнан іргесін аулақ салған  Украинадан бірде-бір өкіл келмеді. Премьерлер отырысына қатысушылар құжаттарды еш қарсылықсыз қабылдап жіберген соң  қызу айтыс-тартыс  болмады. Тек Ресей Үкіметінің төрағасы  Дмитрий Медведев қауырсын бейнеленген  италиялық қара галстугымен ғана ерекшеленді. Ал ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесіне келесі жылы Түрікменстан төрағалық етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.