{metadescription}
0:000:00
Павлодарда жолаушыға толы трамвай бағанаға соғылды

Павлодарда жолаушыға толы трамвай бағанаға соғылды

Павлодарда жолаушыға толы трамвай рельстен шығып кетіп, жол бойындағы бағанаға соғылды. Құдай сақтап, іште болған адамдардың бәрі дін аман.

Оқиға тапа-тал түсте шаһардың орталық көшелерінің бірінде болған. Өз кестесі бойынша келе жатқан трамвай кенет рельстен шығып, жол бойындағы қоршауды құлатып, бағанаға бір-ақ соғылған. Осының салдарынан вагон қарама-қарсы бағыттағы рельсте тұрып қалып, байланыс желісі істен шыққан. Апат болған сәтте іште 20-ға жуық жолаушы болыпты. Ал оқиға орнына жеткен арнайы бригада онда бір сағаттан аса уақыт жұмыс істеп, қозғалысты қайта қалпына келтірді. Трамвай басқармасындағылар болса, апатқа рельсте жатқан болт бұрағыш кілт себеп деп отыр.

Тимофей Голев, Павлодар қаласы трамвай басқармасының баспасөз хатшысы:

– Трамвайдың рельстен шығып кетуіне сол жерде жатқан бұрандалы кілт себеп болған. Ақыры вагон бағанаға барып соғылған. Байланыс желісі бұзылды. Ал кілтті ол жерге кімнің, қашан тастап кеткені белгісіз. Әйтпесе, бұл трамвай 39 жылдан бері жақсы жұмыс істеп келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.