{metadescription}
Елімізде белсіздік дертіне шалдыққан еркектер көбейген
Елімізде белсіздік дертіне шалдыққан еркектер көбейген

Елімізде белсіздік дертіне шалдыққан еркектер көбейген

Елімізде ерлер арасында белсіздік, яғни өмірге ұрпақ әкелу қабілетінен айырылғандар көбейіп барады. Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер еліміздегі әрбір бесінші ерлі-зайыптының перзент сүйе алмай отырғанын айтуда. Бұрын әйелдердің жасанды жолмен түсік жасатуы бедеулікке әкелетіні жиі айтылса, қазір кінәраттың жартысына жуығы еркектерден табылып жатқан көрінеді.

Марат Мақажанов, уролог:

-Қазақстанда бедеулік жағынан қарасақ 15%-дан  асып бара жатыр, бұл енді күрделі демографиялық жағдай. Қай мемлекетті қарасақ та оның халқы өсуі үшін ол 15%-дан  төмен болмауы керек.  Қазіргі кезде бедеуліктің 40%-ы еркекте.

Яғни, урология мамандары қазіргі таңда бедеу келіншектерге қарағанда белсіз еркектер артып бара жатыр дейді. Бұрын бұл дертпен 45-50 жас шамасындағы азаматтар ауырса, бүгінде 24-30 жас аралығындағы жігіттер де осының зардабын тартып жатқан көрінеді. Ал бұл ауру дұрыс тамақтанбай, спирттік ішімдіктерді жиі қолданып және дәрігерге қаралмағаннан туады екен. Уролог дәрігерлер бұл дертке салғырт қарамай, ер-азаматтарды кемінде жылына бір рет тексеріліп тұруға шақырады. Бүгін Алматыда әлемнің түкпір-түкпірінен осы саланың мамандары жиналып, бедеулік пен белсіздіктің алдын-алу жолдарын қарастырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде