{metadescription}
Таразда көпқабатты үй тұрғындары күздің қара суығынан бүрсең қағып отыр
Таразда көпқабатты үй тұрғындары күздің қара суығынан бүрсең қағып отыр

Таразда көпқабатты үй тұрғындары күздің қара суығынан бүрсең қағып отыр

Жұрттың бұлай азапқа түсуіне жертөледегі құбырлардың тозығы жетуі себеп. Яғни құбырдың жиі жарылуынан жетпіс пәтерге түгелдей жылу жетпей жатыр. Бұған бұқара пәтер иелері кооперативі басшысын айыптауда. Өйткені ол ақшаны алғанымен қысқа қамданбаған дейді жұрт.   

Бес қабатты үйдегі құбыр біткеннің бәрі жаппай шіріген.

Соның кесірінен мұздай су мен ыстық су және кәріз жүйесінің қалдықтары да жертөлеге атқылап жатыр. Мибатпақтан бөлек мүңкіген жағымсыз иістен үйдің маңына да жақындау мүмкін емес.

Жұрттың айтуынша, үйдің жылу тарату жүйесі бұзылған. Қазір ғимаратқа кеп тұрған жылы су жоғарыға салқын боп көтеріледі. Ал бөлмелердегі температура даладан кем болмай тұр. Бұқара бұған пәтер иелері кооперативінің төрағасы кінәлі дейді. Яғни оны тек көзбояушылық жасаған деп отыр. Ауланы сыпырып, құлаған шыбықтарды тазалаумен шектелген басшы ақшсын ала тұра қысқа әзірленбеген деп айыптайды.

Елена Сюсюкина, Тараз қаласының тұрғыны:

-Ол ештеңе істемейді. Жыл сайын жылу маусымында бізде осындай мәселе туындайды. Біз жертөледегі құбырды, батареяларды да өзіміз ауыстырдық. Мен оған осы жайында айтсам ол менің ауызымды жауап тастайды. Біздің құбырларды қысқа дайындамаған.

Ал пәтер иелері кооперативі бар кінәні тұрғындардың өздеріне жапты. Сөзіне сенсек, жұрттың тең жарымы ақшасын төлемей қарыз жарты млн. теңгеге жеткен. Сондықтан құбырдың жыртығын жамауға шамамыз келмейді дейді. Тіпті «шулы елдің дауынан шаршадым» деген басшы оларға қызмет көрсетуден мүлдем бас тартты. Ал мұны естіген ел төрағаны түтіп жей жаздады.

Басшының мұнысын жауапсыздық деген ел, не істерлерін білмей есеңгіреп қалды. Күздің қара суығында өздері тоңып, үйлері қараусыз қалған жұрттың енді шенділерден көмек сұраудан басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.