{metadescription}
Ақтөбеде оқушылар сарайына қатысты дау жалғасын тапты
Ақтөбеде оқушылар сарайына қатысты дау жалғасын тапты

Ақтөбеде оқушылар сарайына қатысты дау жалғасын тапты

Ақтөбедегі балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сенімгерлік басқаруға берілмейді! Бұл туралы қала әкімінің орынбасары ата-аналармен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Атқарушы биліктің аяқасты мұндай шешім шығаруына кеше ғана қалалық оқушылар сарайының алдында шу шығарған ата-аналар себеп болды ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Шенеуніктер мен депутаттар көпжылдық тарихы бар шығармашылық орталығын жекеге беру туралы сессия да тіпті де әңгіме болған емес деп ақталумен болды. Тек жұмыс жасап отырған жеке орталықтарға болашақта мемлекеттік тапсырыс беру туралы ұсыныс қана айтылғанын жеткізді. Ал балабақшалар сол күйі жекенің қолына өтейін деп тұр. 

Гүлбаршын Айдарханова, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

-Балабақшалардың  сенімгерлік басқаруға берілуі уақытша тоқтап тұр.  Комиссия жұмыс істеп  жатыр.  Қазір 10 балалақшаны сенімгерлік басқарауга беру жоспарда тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.