Алматыда дизель бағасын қасақана көтергендердің қулығы әшкере болды
Алматыда төрт ірі компания дизельдің бағасын өзара ымыраласып көтерген. Кәсіпкерлердің жымысқы әрекетін монополияға қарсы комитеттің қызметкерлері әшкере қылды.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
05.11.2018
Тексеру барысында қаладағы "Royal Petrol", "Гелиос", "Газпром-нефть Қазақстан" және "Sinooil" жауапкершілігі шектеулі серіктестері бір-бірімен заңсыз келісімге келіп, сұйық отынның бағасын 5 ай бойы бірлесіп қымбаттатқан. Алайда, монополистер тұтынушылар құқығынын бұзған компанияларға тек ескерту хаттарын жіберумен шектелді. Тағы бір рет осындай заңбұзушылық қайталанса кәсіпкерлер табысының 3-5 пайызын айыппұл ретінде қазынаға төлеуі тиіс. Әйтсе де, компаниялар бағаны нарыққа сай шарықтаттық деп отыр. Айта кетейік, қазір қалада дизель отыны 191-193 теңге аралығында сатылып жатыр.
Тимур Кәленов, Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы:
-Олар сәуір мен тамыз айлары арасында қатарласып бірге бағаларды көтерген. Олардың айтуы бойынша, көтерме баға сондай болған. Біздің талдаудың нәтижесінде олар қалдықтарын ұстап, өсіргенін анықтадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!