Ең төменгі күнкөріс деңгейі екінші ай қатарынан төмендеп барады
Соңғы екі ай ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің жалпы құны 500 теңгеге арзандаған. Ұлттық экономика министрлігі осындай мәлімет беріп отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.11.2018
Айталық, тұтыну себетіне кіретін азық-түлік пен тауарлар және қызмет көрсету түрлерінің жалпы құны қаңтар мен тамыз айлары аралығында тұрақты өсіп келген еді. Жыл басында 25 мың 900 теңге шамасында болса, тамыз айында 29 мың 146 теңгеге дейін өсті. Ал өткен айда 500 теңгеге азайып, 28 620 теңгені құраған. Бұл бағаның ішінде ең көбі ет пен балық бағасының үлесіне тиеді. Ол – 18,7 пайыз. Сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа 14,6 пайыз, жемістер мен көкөністер 12,7 пайызын алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!