Сенатор ұлттық қорға ауыз салған шенеуніктерді сынға алды
Сенаторлар Ұлттық қордан қаржы алғалы жатқан шенеуніктерді бүгін тағы сынады. Үкімет Жолдауды жүзеге асыру үшін қордан қосымша 450 миллиард теңге бөлмек. Қазына қаржысына жауапты министрлердің бұл әрекетін депутаттар аса жақтыра қоймады.
Автор: Жәудір Оразхан
05.11.2018
Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:
-Ұлттық қордан қаржы алудың сомасына келетін болсақ, былтыр біз оны 2019 жылға 2,3 триллион деп белгіледік, ал биыл 150 миллиардқа қайтадан көбейтіп отырмыз. 2020 жылға біз 2 трлн деп белгіледік, биыл 300 миллиарқа көбейтіп отырмыз. Бұл неге байланысты? Шығын көбейді ме? Біз айттық қой жылдан жылға Ұлттық қордан кепілдендірілген соманы айтамыз деп?
Министрлердің айтуынша, қордан алынатын қосымша қаржы бизнесті қолдауға, өнеркәсіпті дамытып, мемелекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруге жұмасалады. Негізі, жолдаудағы президенттің тапрсырмаларын толық жүзеге асыру үшін 1 триллион 800 миллиард теңге қажет екен. Сондықтан, қордың келесі жылғы шығыны 150, ал 2020 жылы 300 миллиард теңгеге артқан. Жалпы, Ұлттық қордан тартылатын трансферт алдағы үш жылда 6 триллион 75 миллиард теңге болмақ. Алайда атқамінерлер ұлттық қорға сеніп алдыңдар деген пікірмен келіспеді.
Руслан Дәленов, Ұлттық экономика вице-министрі:
-Біз, керісінше, жылдан жылға Ұлттық қордан ақша алуды азайтып келеміз Мысалы, 2018 жылы 2,6 трлн теңге, 2019 жылы 2 трлн 450 млрд теңге, 2020 жылы – 2,3 трлн теңге, 2021 жылы -2 трлн алындаы. Ал үш жылда Ұлттық қорға кіріс 3 триллион теңге болады деп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!