{metadescription}
Назарбаев пен Путин баратын Қызылжарда әйгілі қонақүйдің құрылысы бітпей қалды
Назарбаев пен Путин баратын Қызылжарда әйгілі қонақүйдің құрылысы бітпей қалды

Назарбаев пен Путин баратын Қызылжарда әйгілі қонақүйдің құрылысы бітпей қалды

Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына келетін меймандарды қонақүйлерге сыйдыру мүмкін болмай жатыр. Қазір тіпті жатақхана мен жалдамалы пәтерлер де бос емес. Бәріне алдын ала тапсырыс беріп тастаған. Сондықтан солтүстікқазақстандықтар келетіндердің тізімін азайтуды сұрап жатқан көрінеді. Екі күннен соң бұл аймақта мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен көршілес елдің президенті Владимир Путин кездеседі. Екі елдің жақын маңдағы барлық шенді-шекпенділері де осында жиналып, туризмді дамыту мәселесін талқыламақ.

Қызылжардың құрылысшылары демалыссыз күн-түн демей жанығып жатыр. Жауынды күнге қарамастан жолға асфальт төсеп әлек. Оның қашанға дейінгі шыдайтынына ешкім бас ауыртып жүрген жоқ. Ең бастысы мәртебелі меймандар келіп-кеткенше жарқырап тұрса болғаны.

Бұл форумға дайындықты Қызылжарда бірнеше жыл бұрын бастаған еді. Тіпті бүтін бір кварталды сүріп тастап, орнынан спорттық және мәдени нысандар тұрғызды. Ал салып үлгермегендерінің сыртын көзге қораш көрінбес үшін қызылды-жасылды суреттермен сәндеп, қоршап тастаған.

Ақтөре Нұрсейітов, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Бұл маңды жөнге келтіріп жақсы болды. Осы форум деп теннис алаңы, Велокурорт орталығы ашылды ғой. Әуежайдан тіке келетін көше болған соң, сәні келіп тұрғаны жақсы.

Солтүстікқазақстандықтар шақырылған қонақтарды жайғастыратын орын таба алмай әлекке түсіп жатыр. Форумға дейін құрылысы бітуі тиіс Хилтон қонақ үйін дайындап үлгермеген. Соның кесірінен ұйымдастырушылар келетіндердің тізімін қысқартуды сұрап жатқан көрінеді.

Сайран Хамзин СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы:

-Қазір енді қосымиша қонақ қабылдауға мүмкіндігіміз болмай тұр. Себебі, Петропавлдағы барлық нөмірлер бос емес. Бірінші қарашаға дейін қонақ үйлерден бастап, пәтер жалға беретіндердің бюросында да брондайдын жер қалмады.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы Қазақстан мен Ресейдің шекара бойындағы облыстарында алма-кезек өтіп тұрады. Бұл шара бұдан екі жыл бұрын осы Қызылжарда өткізілуі керек еді. Бірақ ол кезде де дайындықтары шала болып, Астанаға ауыстырылғанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде