{metadescription}
Қазақ-қытай шекарасында 66 дана қымбат ішік тәркіленді
Қазақ-қытай шекарасында 66 дана қымбат ішік тәркіленді

Қазақ-қытай шекарасында 66 дана қымбат ішік тәркіленді

Бағалы киімдерді шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар Алматы облысы Алтынкөл кеден бекетінде ұсталған. Кеденшілер олардың сөмкелерін ақтара келе, әйелдердің көз жауын алатын қыстық киімдердің небір түрін шығарды. Сөйтіп, саудагер сөмкелерге тығыздалып жиналған тондарды тығып өткізбек болған. Сондай-ақ, кедендік төлемнен жалтарған. Қазір тәркіленген тауардың жалпы сомасы анықталып жатыр. Заңсыз тауар тасушыларға қатысты қандай шешімнің қабылданатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде