{metadescription}
Көкшетауда Қылшақты өзеніне 9 жасар бала батып кете жаздады
Көкшетауда Қылшақты өзеніне 9 жасар бала батып кете жаздады

Көкшетауда Қылшақты өзеніне 9 жасар бала батып кете жаздады

Суға кетіп бара жатқан баланы екі азамат құтқарып қалды. Балақай әлі қатып үлгермеген мұз үстіне ойнауға шыққан екен.

Алаңсыз ойнап жүрген Даниилдың аяғының астындағы мұз кенеттен ойылып кетіп, ол суға түсіп кеткен. Айқайға жиналған жұрттың қарасы да көп болыпты. Бірақ тереңдігі 1 жарым метр өзен суында тұрып, өмір үшін арпалысқан балаға жақындай қойған жан болмаған. Осы кезде көпірмен өтіп бара жатып баланы байқап қалған Көкшетаудағы колледждердің бірінде оқитын 17 жастағы Темірлан көмекке ұмтылған. Ол мұзды суды ойып, қойып кеткен. Оған тағы бір азамат көмекке келді. Сөйтіп, екеуі 9 жастағы Даниилды судан аман алып қалды. Темірлан болса, болашақ құтқарушы мамандығын оқып жатыр екен.

Темірлан Шәріпбаев, студент:

- Бала қобалжып мұзды сындырып судың астына кетіп жатты.Су мойынға дейін болды.Осы құтқарған іс әрекетіме мен мақтанбаймын.Әрбір ер азамат осындай әрекетке барушы еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде