Еуропа дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын тойлап жатыр
Еуропа елдері Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуын жаппай тойлап жатыр. Осы айтулы датаға орай, кезінде қас жау болған қос мемлекет Германия мен Францияның көшбасшылары бір-бірімен төс қағысып, татуластықтарын көрсетті.
Автор: Аруна Ортай
05.11.2018
Франк-Вальтер Штайнмайер мен Эммануэль Макрон ғана емес, олардың сүйікті жарлары да бір-біріне мейірлене құшақ жайды. Осылайша күллі әлемге достықтарын паш еткен көшбасшылар артынша қол ұстасып, Страсбург соборына Бетховен мен Дебюссидің шығармаларын тыңдауға кіріп кетті. Бұдан соң ескі жау, қазір айырылмас дос мемлекеттердің басшылары осыдан тура 100 жыл бұрын қанды шайқас болған жерлерді араламақшы. Ал ағылшындар Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын мыңдаған алау жағып атап өтіп жатыр. Әрі қаза тапқан жауынгерлерін қайғырып, еске алуда. Римдіктер болса, белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қойған. Осылайша, бір кездері өзара бақталас болған елдер бүгінгі достық пен татуластықтарын көрсетіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!