{metadescription}
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары екі айға қамауға алынды
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары екі айға қамауға алынды

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары екі айға қамауға алынды

Бұл қызметке өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған Серік Аманғалиевті, ұлттық бюроның қызметкерлері Ақтау әуежайында ұстаған. Күдіктіге аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр.

Гауһар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366 бабының 3-ші бөлігі, яғни, аса ірі көлемде пара алды деген күдік тағылып, сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Шенеунікті тексеру кезінде одан 115 мың еуро яғни 49 миллион теңгеге жуық көлемінде ақша табылыпты. Ақтаудағы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қазір екі айға қамауға алынды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Маңғыстау облысы әкімінің 3 орынбасары да түрлі себептерге байланысты қазір орындарында жоқ көрінеді. Бірақ, мұны жергілікті билік не растамай, не теріске де шығармай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде