Атамқұлов АҚШ-тан ұшырылатын спутникке қанша ақша жұмсалатынын айтты
Бюджетке арзан түседі. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі екі жерсерігіміздің неге АҚШ аумағынан ұшырылатынын түсіндірді. Айтуынша, екі аппаратты көкке көтеру құны шамамен бір жарым миллион долларға жуықтайды.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.11.2018
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-Бұрынғы Ресеймен бағдарлама болған, «Днепр» деген зымыранмен ұшыруға. Сол «Днепрді» тоқтатқаннан кейін өзімізге лайықты зымыран істедік. Енді бұл нарық қой. Сонымен, «Falcon-9», "SpaseX". 1 миллион 300-400 мың долларға шығады. Бұл деген өте арзан деп есептелінеді.
Оның айтуынша, екі жерсерік те толық қазақстандық өнім. Олар жер аумақтарын ғарыштан бақылау мақсатында қолданылатын болады. Екі ғарыш аппаратымыз жоспар бойынша Калифорния штатынан қарашаның 19-ы күні «Фалкон-9» зымыран тасығышы арқылы тағы бірнеше елдің жерсерігімен бірге көкке көтеріледі. Оған кеткен шығын бюджетке әлдеқайда арзан түсіп отыр дейді министр. Өйткені, бұған дейін ғарыш аппараттарын ұшыру үшін 15 миллион долларға дейін төлеп келіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!