{metadescription}
Семейде менингит шыққан балабақша карантинге неге жабылмаған?
Семейде менингит шыққан балабақша карантинге неге жабылмаған?

Семейде менингит шыққан балабақша карантинге неге жабылмаған?

Семейде балабақша жасындағы үш бүлдіршін менингит деген күдікпен ауруханаға түсті. Олардың екеуінің диагнозы нақтыланса, енді бірі тексеріліп жатыр. Ал оларға тәлім-тәрбие беріп келген жеке балабақшаны карантинге жабуға ешкім асығатын емес. Себебі, дәрігерлердің айтуынша, тосқауыл қоюға әлі ерте екен. Яғни, ол үшін дерттің меңдеуі 30 пайызды көрсетуі керек.

Менингит дертін жұқтырған бүлдіршіндер жергілікті жұқпалы ауруханада ем-дом алуда. Ондағы дәрігерлердің айтуынша, күдік тудырған үш баланың екеуінен ғана инфекция анықталған. Қазір қос балақайдың беті бері қарап келеді.

Эльвира Исабаева, Семей қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары:

-Нақты диагнозы энтеровирусты инфекция серозды менингит деп қойылды.  Орташа дәрежелі. Бір баланы сауыққандықтан шығардық. Ал бір баланың жағдайы орташа. Бүгінде денсаулығына қауіпті ештеңе жоқ.

Ал жекеменшік балабақша қазір қызмет көрсетіп тұр. Жергілікті білім бөлімінің мамандары бұл мекемеге карантин жариялауға асығатын емес. Себебі, дертке шалдыққан екі бала ғана болғандықтан тұтастай тосқауыл қоюға ерте дегенді алға тартуда. Тек, олар балабақшадағы мерекелік шараларға тиым салып, бір топқа ғана карантин жариялапты.

Наталья Фесенко, Семей қаласы білім бөлімінің басшысы: 

-Мекемедегі топтық мерекелік шараларға және балалар дертке шалдыққан топқа сырттан жаңа бала қабылдауға тыйым салынды. Сондай-ақ, балабақша басшылығына мекеме ішін уақытылы желдетіп тұру талабы қойылды. Қазір олар бұл талаптардың барлығын орындап отыр.

Әзірге балалардың менингитті қалай жұқтырғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені оған көбіне жуылмаған жеміс-жидекті жеу, лас су қоймаларында шомылу себеп болуы мүмкін екен. Әйтеуір, ауру балабақшадағы өзге балаларға таралмапты. Әйтсе де, мамандар балабақшаға қызметтік тексеріс жүргізетінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде