{metadescription}
Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ісі жабылып тынуы мүмкін
Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ісі жабылып тынуы мүмкін

Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ісі жабылып тынуы мүмкін

Ақтөбеде тәртіп сақшылары кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің өліміне қатысты істі тоқтатып тастады. Бұған қаралы отбасы қарсы болып отыр. Өйткені Ерхан Тілеуімбетовті базардың қақ ортасынан осыдан бір жарым жыл бұрын Ланд Крузермен біреу алып кетеді. Сол кеткеннен ұшты-күйлі жоғалып, өлі денесі кейін қала сыртынан табылды. Көлік пен оны тізгіндеген адам бейнебақылау камерасына түсіп қалса да, кім екенін полицейлер анықтай алмай отыр.

Кісі қолынан қаза тапқан Ерхан Тілеуімбетовтің туыстары тергеушілердің тірлігінен түңіліп отыр. Тәртіп сақшылары бір жарым жыл бойы ешбір дәйек таппаған соң тексеруге өздері кіріскен. Кәсіпкерді базардың қақ ортасынан алып кеткен көлік пен адамды анықтау үшін Ресей мен елдегі киностудиялардың да көмегіне жүгінеді. Бірақ джиптің нөмірін ақыры біле алмаған. Ал адам сұлбасын тануға тәртіп сақшылары ешбір құлық танытпады деп отыр.  

Ғалия Есенаманова, марқұмның нағашы әпкесі:

-Бұл сырттан келген көлік емес. Осы қаланың ішіндегі көлік. Қарасаң кез келген саналы адам түсінуге тиіс. Өйткені кірген машина, кірген адам қолын көтеріп амандасып тұр.

Ерханның өлімінен соң белгісіз біреу анасын кездесуге шақырады. Куәгер марқұмның анасына көліктің нөмірін айтып, қылмыскер туралы болжамын да жеткізген. Ол туралы тергеушілерге ескерткенімен, мән бермепті.

Райхан Есенаманова, марқұмның анасы:

- Осы уақытқа дейін дұрыс ештеңе жасалған жоқ. Айтқанын диктофонға жазып алып бердім. Телефонды сол күні пайдаланып, нөмірді лақтырып тастаған. Нөмірді лақтырып тастаған жағдайда да ол баланы іздеуге болады ғой.

Қазір кәсіпкердің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтап тұр. 

Азамат Құстанов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастышы:

-Қазіргі таңда тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша кінәлі адамның анықталмауына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу мерзімі үзілген. Облыстық прокуратура аталған шешімнің заңдылығын тексеруде.

-Тәртіп сақшылары күдікті анықталмай, болмаса қосымша айғақтар табылмай істі қайта тергеуге алмаймыз деп отыр. Дәл осылай істі олар жаз ортасында тоқтатып тастаған еді. Кейін марқұмның туыстарының арызынан соң қайта қозғаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде