Fly Arystan: Жаңа әуе компаниясының билет құны белгілі болды
Жаңа әуе компаниясымен ұшудың орташа бағасы шамамен 16 мың теңге болады. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрі айтты. 2019-шы жылдың мамыр айынан бастап қызмет көрсететін әуе компаниясының аты да ерекше. «ФлайАрыстан» деп аталады.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.11.2018
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
- 8 ұшақ. Ол кішкентай ұшақтар емес. Жалпы Қазақстан бойынша ұшып жүрген ұшақтар. «Эйрбас», басқа да ұшақтар. Тек қана ол ұшақтардың ішінде отыратын орындықтарының саны басқаша болады, көп болады. Кішкене тығыз болады.
Министрдің айтуынша, бүгінде «Эйр Астана» әуе компаниясында екі қаланың ортасында ұшудың орташа бағасы 32-34 мың теңге. Жаңа бюджеттік компанияның орташа бағасы шамамен одан екі есе арзан, яғни 16-18 мың теңге аралығында болмақ. Президент өткен аптаның соңында ұлттық әуе тасымалдаушысына билет құны арзан әуе компаниясын құруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» еншілес компанияны құру туралы шешім шығарып қойған. Компания ұшақтарының іші тығыздау болады да, адам көбірек сияды. Ал билет құны тек орын үшін алынады. Жүк пен тамағының ақысын бөлек төлеуге болады. Соның есесінен ішкі рейстердің бағасы біраз арзандай түспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!