{metadescription}
Іші толған қазына: Алматыда ұрланған  заттар зәулім коттеджден табылды
Іші толған қазына: Алматыда ұрланған  заттар зәулім коттеджден табылды

Іші толған қазына: Алматыда ұрланған заттар зәулім коттеджден табылды

Қоймаға айналған коттедж. Алматыда 33 жастағы азамат ұрлықы заттарды сатып алып, екі қабатты үйге тығып отырған. Іші толған қазына дерсіз. Тұрмысқа не керектің бәрі бар.

Ішінен 200-ге жуық телефон, 150-ден астам ноутбук пен тағы да басқа техникалар шықты. Қаракүзен ішіктің де  сан түрі де самсап жатыр. Түркістан облысының тумасы Алматыда осындай мол заттарымен ұсталды. Ол осыған дейін де ұрлық үшін сотталған екен. Бұл заттардың бәрін ұрылардан алып, үстіне ақша қосып сатып отырған. Полицейлер осындай ұрлықы дүниелерді оған өткізген пәтер тонаушыларын да қолға түсірді. Қазірдің өзінде олардың Алматы аумағындағы алты қылмысқа қатысы бары анықталған. Құзырлы органдар жәбір көрген тұрғындар болса хабарласуын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде