{metadescription}
Петропавлда жоғалып табылған трактор ескерткішіне ақыры орын бұйырды
Петропавлда жоғалып табылған трактор ескерткішіне ақыры орын бұйырды

Петропавлда жоғалып табылған трактор ескерткішіне ақыры орын бұйырды

Тағдырдың талайына ұшыраған техника, Қызылжар ауданындағы автотұрақта тыныш табатын болды.

50 жыл бойы кіреберісте қала қонақтарын қарсы алып тұрған трактор, былтыр тамызда ізім-қайым болған-ды. Белсенді тұрғындардан құралған жоқшылар, оны әлдекімдер темірге өткізіп жіберді деп шу шығарған. Жұртшылық байбалам салған соң, шенеуніктер оны сырлау үшін уақытша алдық деп жұбатқан болатын. Жоғалып, табылған ескерткіш бір жыл бойы жөнделіпті. Іші-сырты сырланған, бұрын тақтай қағылған терезелері де қалпына келтірілген. Енді тұғыры қапталып, ескерткіштің атауы жазылмақ. Алғашқы тың игерушілердің құрметіне орнатылған «С-80» ескерткіші, тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізіміне де енгізіліпті.

Гүлия Салтықова, Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

-Бұл трактор Петропавл зауытынан жөнделіп шықты. Кабинасы, капоты, ішіндегі орындығы, шынысы бәрі ауыстырылды. Кабинаның ішінде жаңа орындық орналастырылды. Осы жұмыстың бәрі демеушінің ақшасына жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде