{metadescription}
"Бұл сорақылық қашан бітеді?": Назарбаев монополистерді бетімен жіберген министрлердің шаңын қақты
"Бұл сорақылық қашан бітеді?": Назарбаев монополистерді бетімен жіберген министрлердің шаңын қақты

"Бұл сорақылық қашан бітеді?": Назарбаев монополистерді бетімен жіберген министрлердің шаңын қақты

Бас прокурор Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға тура Ақордадағы жиын үстінде айып тақты. Ол жылыту жүйесіне бөлінген миллиондарды жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін жинап, онда күтпеген жерден қымбат тарифтер жайында арнайы жиын өткізді. Монополистерді бетімен жіберген министрлер Елбасының алдында тікесінен тік тұрып жауап берді. Кейбіреулер тіпті сол мезетте орнынан кетуге шақ қалып, қатаң сөгіспен құтылды.

Өйткені, монополистер бағаны көтеріп, білгенін істеп, халықтың қалтасына ауырлық салып қойған. Электр бағасына көрсетілетін қызметпен бірге, қызметкерлердің сыйақысын, бонустар, кәсіпорын несиелері мен іссапарлардың ақысын да қосып жіберген. Тексере келгенде, Бас прокуратура халықтың электр қуаты үшін 29 миллиард теңгені артық төлеп қойғанын анықтапты.

Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, компаниялар тозығы жеткен қондырғыларын жаңартып алу үшін 2009 бен 2015 жылдар аралығында тарифті екі есе көтеруге рұқсат берген. Сөйтіп, 2016 жылдан бастап электр құны арзандау керек болған. Бірақ, жөнделген ештеңе жоқ, қондырғылар сол күйі ескі. Ал екі есе баға әлі күнге төмендемей келеді.

Тексере келсе, тек 15 кәсіпорынның табысы 51 миллиард теңгеден асып кеткен. Бұл көзделген межеден әлдеқайда көп. Ал елімізде электр энергиясы саласында жұмыс істейтін 43 кәсіпорын бар. Елбасына бұл мәліметтердің ұнамай қалғаны анық. Дереу Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты сұрақтың астына алып, шаңын қақты.

- Почему? Уже признали, деньги возвращаяют простому народу... – Это не энергопроизводящие организации, это энергоснабжающие организации. – Какая разница для конкретного гражданина кто это делает?  Почему это происходит? Этому безобразию конец будет или нет?

Бозымбаевтың өзі ғана емес, орынбасарының да басына бұлт үйірілген. Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы Саран қаласының әкімі болып тұрған кезде орталық жылыту жүйесіне есептеу құрылғысын орнату үшін бөлінген 215 миллион теңге бөлінген. Енді не ақша, не есептеу құрылғысы түгіл, орталық жылыту жүйесі де жоқ. Енді Шкарупаның өзіне қатысты тергеу басталғалы жатыр. Халықтың жағдайымен санаспай отырған министрлердің бірі Тимур Сүлейменов болып шықты. Мораторийға байланысты компанияларды толық тексеруге мүмкіндігіміз жетпейді деп мәселенің түп-төркінін өздерінен аулақтатқысы келіп еді, онысынан түк шықпады.

- Ну вот, будем ссылаться на то, на другое, а народ страдает простой. Это все для простых людей балтология называется. Нужны конкретные дела.

- Нурсултан Абишевич, признаем, баланс немного сместился. Мы этот баланс, если можно, воостановим. В сторону ужесточения больше. – Чтобы этот баланс привезти в порядок, надо было ждать заседание Совбеза, да? Садись. 

Бір саланы билеп-төстеп алған кәсіпкерлердің ісі миға сыймайды. Мәселен, Павлодарда электр энергиясын өндіретін, оны сатып алып Астанаға жеткізіп, қалаға тарататын үш бірдей компания бар екен. Бірақ, үйшеуінің де иесі бір адам. Сайып келгенде, бағаны да қолдан жасап отырған болып шығады.

Елбасының алдына жеткен сондай мысалдардың тағы бірі Қапшағай қаласындағы жағдай. Қондырғыларымызды жөндеуге қажет деп тарифті екі есе өсірген. Бірақ, жабдықтарының ескіру керісінше 53 пайыздан 77 пайызға дейін артып кетіпті. Ал жауапты министрлер, әсіресе монополияға қарсы комитеттің оларды тезге салумен ісі жоқ. Елбасы дәл жиын үстінде комитет басшысын жұмыстан қуа жаздады.

- Ты можешь исправить это все?

- Да.

- Әлде мына жұмыстан кетесің ба?  Сулейменов, он способен? Ты за это поручаешься? Отвечаешь? Ладно, тогда ограничимся выговором. Ты сам разберись.

Жиынды қорытындылай келе Елбасы жүгенсіз кеткен компанияларды сабасына түсіру үшін министрлерге қатаң тапсырмалар берді. Енді олар жыл аяғына дейін баға нарығын бір арнаға түсіру керек. Ал Бас прокурор нарықты билеп-төстеп жүрген ірі монополистер бойынша Президентке жеке есеп беретін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде