Шымкентте жолға таласқан жүргізуші жолаушылар автобусына оқ атқан
Жол бермегені үшін тапаншадан атып салды! Шымкентте жол бермей қойған автобустың жүргізушісіне өкпелеген азамат оған қарай оқ атқан. Оқиға Шымкенттің шыға берісінде болды. Алматыдан келе жатқан автобус салонында оннан астам жолаушы болған екен. Қайта пневматикалық қарудан бір мәрте ғана атылған оқ көліктің қалың терезесінен өтпей қалыпты. БМВ мінген екі сотқар қазір полицейлерге түсініктеме беріп жатыр.
Автор: Бек Әбиев
07.11.2018
Әсел Сәденова, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
-Оқиға қоғамдық автобустың жүргізушісі БМВ маркалы автокөліктің жүргізушісіне жол бермеу салдарынапн орын алған. Атылған оқ қоғамдық автобустың оң жақ әйнегіне тиген. Бірақ, тесіп өтпеген. Жәбірленушілер жоқ. Айғақтық заттар тәркіленіп алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!