{metadescription}
Алматыда Денис Тен тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Алматыда Денис Тен тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

Алматыда Денис Тен тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

Жарқ етіп сөнген жұлдыздың қапиядағы қазасына әлі де жүрегі езілетін жұрт әйгілі мәнерлеп сырғанаушының ескерткіші алдында қайғырып, тағы да көзге жас алды.  

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

-Мәңгілік есіміде қалсын! Мынау жерге біздің жастарымыз келіп, гүл қойсын! Біздің жастарымызға бұл үлкен үлгі! Әттең, жас кетті! Бірақ мәңгі біздің есімізде қалды...

Қыршын кеткен қазақ спортшысына тағзым етуге халық көптеп жиналды. Тіпті, Ресейден мәнерлеп сырғанаушылар да келген. Тенге арналған ескерткіш тақтаның ашылуында тебірене сөйлеген әріптестері онымен бірге өткізген естен кетпес сәттерімен бөлісті. Бәрінен бұрын Денистің қазасы бапкерлеріне ауыр тиген. Өйткені, Дениске қарап талай қыз-жігіт қанаттанған екен. Енді мұз айдынында орны ойсырап қалды. Десе де, жаңа ілінген ескерткіш тақта оны әрдайым еске салып тұрмақ. Денистің бала кезде ойнаған ауласы мен туылғалы бері тұрған үйін азаматтар осы мемориалдық тақта арқылы біліп жүретін болады. Естеріңізге салсақ, қазақ спортының жарық жұлдызы Денис Тен биыл шілде айында ұрылардың қолынан қаза тапқан болатын. Оның қымбат көлігіндегі әйнекке көз тіккен сұғанақтар мәнерлеп сырғанаушыны аяғына пышақ салып, ауыр жарақаттаған. Соның салдарынан спортшы ауруханаға есін жимастан көз жұмды. Бұл қылмыстық іс бойынша үш күдіктіге, яғни Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаеваға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.