FlyArystan: Халықтың 90 пайызы ұшаққа отырмайды
Кеше ғана таныстырылған Флай Арыстан компаниясының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, жаңа әуе компаниясының қызметі халықтың осы бөлігіне қолжетімді болмақ.
Автор: Асқарбек Қазанғап
07.11.2018
Жанар Жайлауова, FlyArystan әуе компаниясының өкілі:
-Халықтың тек 10 пайызы ғана ұшады Қазақстанда. Сонымен айтқанда 90 пайыз әлі ұшпаған. 90 процент не машинамен жүреді, не жермен жүреді. Сондықтан ол бізге үлкен нарық.
Осылайша, Флай Арыстан осыған дейін бағасы шарықтаған әуе билеттерінің құнын көпке қолжетімді қылуды көздеп отыр. Қазіргі нарықтан 50 пайызға арзан болады дейді. Бастапқыда тек 4 ұшақпен қызмет көрсетеді. Ұшу кестесі мен нақты билет құны келесі жылдың наурызында бекітіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!