Қарағандыда адамдар уланған дөнерхана жабылып тынды
Қарағанды облысында 15 адамның дөнерден улануына ас әзірлейтін дүңгіршектің санитарлық талаптарды сақтамауы себеп болған. Мұны шұғыл тексеріс жүргізген санэпидемилогтар анықтапты.
Автор: Саят Сабдалы
07.11.2018
Дөнер әзірлейтін жерде дезинфекция құралдарының жоқтығы былай тұрсын, ыстық су да болмаған. Ыдыс-аяғы жуылмаған жерде солмонеллез бактериясы бар екені анықталыпты. Дөнер жегендердің асқазанын бүлдірген де осы екен. Естеріңізге салсақ, өткен айда ішінде 1 бала бар 15 адам улану белгілерімен ауруханаға түскен еді. Олардың барлығы да Абай қаласындағы дүңгіршектен дөнер жегендерін айтқан. Қазір ас әзірлейтін орын жабылып, оның қожайыны мен аспазға қатысты іс сотқа жолданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!