5 елдің президенті Астанада кеңесіп жатыр
Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының отырысы өтіп жатыр. Жиынға оған мүше Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан мен Беларусь президенттері және Арменияның премьер-министрі қатысуда.
Автор: Досжан Маратұлы
08.11.2018
Отырысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Кейін тараптар ұйымға бір жыл төрағалық еткен Қазақстанның жұмысын қорытындылап, қару-жарақ, есірткі саудасы сияқты 20-дан астам маңызды келісімдерге қол қойды. Әрі әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуына алаңдаған президенттер халықаралық қауіпсіздік мәселесін кеңінен талқылады. Экстремизм мен терроризмге бірігіп қарсы тұру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қауіпсіздікке қатысты құпия мәліметтер айтылатындықтан жиынның негізгі бөлігі жабық есік жағдайында өтіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!